«Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 376 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 362 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына «(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;
«5. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне мынадай субъектілер жатады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
2) жануарлар мен құстарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
3) жануарларды союды жүзеге асыратын субъектілер;
4) етті, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер;
5) сүтті қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер;
6) балық және балық өнімдерін дайындау мен қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер;
7) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары;
8) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
9) жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;