Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
9-қосымша
«Сот трасологиялық сараптамасы»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Сот трасологиялық сараптамасы» кәсіптік стандарты әзірленді, ол сот трасологиялық сараптамасын жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот сараптама қызметі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) сот трасологиялық сараптамасының мәні - әртүрлі іздердің пайда болу механизмдері мен оларды қалдырған объектілерді анықтау мақсатындағы оларды зерделеу кезінде нақты деректерді анықтау болып табылады;
4) сот трасологиялық сараптамасының объектілері - іздердің кескіндері, іздердің үлгілері, оқиға орнындағы заттатардың шынайы немесе суреттер мен қарап-шығу хаттамасында шегенделген қалпы, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер, сондай-ақ сараптама мәніне қатысты өзге де іс материалдары.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
БА - Біліктілік анықтамалығы;
СБШ - Салалық біліктілік шеңбері;
ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың төлқұжаты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Сот трасологиялық сараптамасы».
5. Кәсіптік стандарт коды: O84230.
6. ЭҚЖЖ сәйкес секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:
O - Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру;
84 - Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру;
842 - Мемлекеттің жалпы қоғамға қызмет көрсетуі;