Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының аумағын кішірейту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 72 Қаулысы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармақтың 15)-тармақшасына, «Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысына және «Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалының жаратылыстану-ғылыми негіздемесін бекіту туралы» «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2021 жылғы 18 тамыздағы № 01-04/73 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының аумағы 55 455 гектарға кішірейтілсін.