«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 84 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15 тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1. мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;»;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
9) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа да мүдделі уәкілетті органдардың қызметін, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласында үйлестіру;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшаларымен толықтырылсын: