Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 37/03 Қаулысымен күші жойылды
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 55/05 қаулысымен
бекітілген
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту туралы дәлелді жауап).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық