Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/156-VIII шешімі
Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 35/237-VIII шешімімен күші жойылды
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 47-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақша атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің атауы орыс тілінде өзгеріссіз қалдырылсын;
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;