Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 бірлескен бұйрығы
(2025.10.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022.09.09. № 28 және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022.09.09. № 19 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025.01.04. № 6 және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025.02.04. № 5 бірлескен бұйрығымен (2025 ж. 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022.09.09. № 28 және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022.09.09. № 19 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025.01.04. № 6 және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025.02.04. № 5 бірлескен бұйрығымен (2025 ж. 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда