«Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 21 тамыздағы № 24 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19215 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 34) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1.Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.»;
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шағын кәсіпорындардың шығарылымдары негізінде есептелген экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын кәсіпорындардың ЖҚҚ;»;
3-тарау 2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: