«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 23 шілдедегі № 189 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 10 пайыз;»;
9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін - 5 пайыз;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - 1 пайыз.»;