«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 376 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 139 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 336 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітіледі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: