«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 209 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 464 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. | БАҚ-ты мониторингтеу нәтижелерінің негізінде имидждік саясатты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Медиа-жоспарды жетілдіру | БП (келісім бойынша) | Жыл сайын | 2,3 | 1,1 | 1,2 | - | - | - | - | - | - | - |
»;
реттік нөмірлері 2, 3-жолдардың 4-бағанындағы «ЭСЖКА» деген аббревиатура «МҚІСҚА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын, «ТЖМ» деген аббревиатура алып тасталсын;
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін құқық қорғау органдары ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді түгендеу | ҰЭМ-ге ұсыныстар | БП (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша) ІІМ, Қаржымині | Жыл сайын, 1 мамырдан және 1 қазаннан кешіктірмей | - | - | - | - | - | - | - | - | | |
»;
4-бағанда:
реттік нөмірі 5-жолдағы «ЭСЖКА» деген аббревиатура «МҚІСҚА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын, «ТЖМ» деген аббревиатура алып тасталсын;
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«