Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы
келісім
(2023 ж. 2 желтоқсан Дубай қ.)
ҚР 2025 жылғы 10 мамырдағы № 187-VIII Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - «Қазақстан тарапы»), бірінші тараптан, және Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі (БАӘ) (бұдан әрі - «БАӘ тарапы»), екінші тараптан,
тараптардың энергетика шеңберінде қарым-қатынастарын нығайтуға және тереңдетуге, энергия көздерін әртараптандыруға, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, инновациялық жасыл технологияларды және олардың тиімді пайдалануын ілгерілетуге және дамытуға деген ұмтылысын;
электр энергетикасы саласын сондай-ақ Тараптардың қолдауы мен жәрдемдесуінің арқасында аталған саладағы қолданыстағы әріптестік қатынастарды және іске асырылып жатқан жобаларды қоса алғанда, әртүрлі салалардағы қазақстандық компаниялар және БАӘ компаниялары арасындағы тығыз ынтымақтастықты;
2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар мен технологиялар беру арқылы қол жеткізуді қоса алғанда, жаһандық жылынуға қарсы күрес жөніндегі Қазақстан Республикасының өршіл мақсаттары мен саясатын;
назарға ала отырып:
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Мақсаты
1. Осы Келісімнің (бұдан әрі - «Келісім») мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздері, орнықты даму саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және іске асыру арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресте Тараптар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
2. Келісім атап айтқанда Тараптардың энергетикалық қауіпсіздік саласындағы мақсаттары мен басымдықтарына қол жеткізуге, сондай-ақ міндеттемелерін орындауға, экологиялық таза технологияларға көшуге және шығарындыларды азайтуға жәрдемдесуі мүмкін жобаларды ілгерілетуге бағытталған.
2-бап
Нысанасы