«Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 152-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 4-нқ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 152-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар еңгізілсін:
«Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» ҚР ҚН 1.02-03-2022:
9.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9.5 Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салуға арналған жоба (Ж) мынадай бөлімдерден тұрады:
- жобаның паспорты (9.3.1);
- энергетикалық паспорт (9.3.2);
- жалпы түсіндірме жазба (9.5.1);
- құрылыс алаңының бас жоспары (9.5.2);
- сәулет-жоспарлау шешімдері (9.5.3);
- құрылыс шешімдері (9.5.4);
- технологиялық шешімдер (9.5.5);
- инженерлік желілер, жүйелер және жабдықтар бойынша шешімдер (9.5.6);
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар (9.3.10);
- азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар (9.3.11);
- террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесі (9.3.12);