Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» акционерлік қоғамына Атырау облысы Атырау қаласы Жылыой, Мақат және Махамбет аудандары аумағында «Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырының 130,3-217,2 (116-204) км учаскесіндегі желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 247 Қаулысы
(2025.18.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 16, 32, 37, 43, 69, 118-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы» Заңының 13-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ-на (бұдан әрі - «КҚК-Қ» АҚ) жер учаскелерiн алып қоймай-ақ, Атырау облысы Атырау қаласы Жылыой, Мақат және Махамбет аудандары аумағындағы «Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырының 130,3-217,2(116-204) км учаскесіндегі желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жалпы көлемі 870,2493 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «КҚК-Қ» АҚ:
1) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі аяқталғанға дейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін;
2 ) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға шығын келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтірілген шығындардың орнын толтырсын.
Атырау облысы әкімдігінің 2025.09.06. № 114 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 18 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)