«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № 568 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Әскери қызметшілер әскери эшелондар, командалар құрамында және жеке тәртіпте жол жүрісінде:»;
1) далалық әскери эшелондар асханаларынан ыстық тағаммен;
2) азық үлесімен немесе осы паектерге ескертпелерге сәйкес жабдықтау нормаларының рациондарымен қамтамасыз етіледі.»;
91-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: