Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 19 мамырдағы № 98 Қаулысы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4202 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Түркістан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;