«Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрінің - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 144 бұйрығы
ҚР Вице-министр - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 236 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабының 3-тармағына және «Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді айқындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 903 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы»;
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
мынадай жолдар:
«
| Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті |
| Департамент басшысының орынбасары | Нейли Орынбасарқызы Мүлікова | Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері |
| Департамент басшысының орынбасары | Салтанат Қордабайқызы Әлібаева | Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары |
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті |