Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 427-VI шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 817 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19548 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XL сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 болып тіркелген, 2018 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларының 2-қосымшасындағы:
3-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: