Введите номер документа
Прайс-лист

Кәсіптік стандарт: «Ғимараттар мен құрылыстар салу жөніндегі жұмыстар» (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына 8-қосымша)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 26 декабря 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 19 января 2024
Дата последнего изменениявторник, 26 декабря 2023

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 163 бұйрығына

8-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт: «Ғимараттар мен құрылыстар салу жөніндегі жұмыстар»


1-ші тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Ғимараттар мен құрылыстар салу жөніндегі жұмыстар» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленіп, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және ұйымдарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) Ғимаратты немесе құрылысты пайдалану - техникалық құжаттаманың талаптарында белгіленген параметрлермен берілген функцияларды орындауға қабілетті конструкциялардың жай-күйін сақтау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізе отырып, ғимаратты немесе құрылысты функционалдық мақсаты бойынша пайдалану.

2) Құрылыс - нәтижесінде құрылыс өнімдері немесе құрылыс материалдары мен бұйымдары болатын өндірістік қызмет түрі.

3) Құрылыс объектісі - әрбір жеке тұрған ғимарат немесе ғимарат (оған қатысты барлық жабдықтармен, құралдармен және мүкәммалмен, галереялармен, эстакадалармен, сумен жабдықтаудың, кәріздің, газ құбырларының, жылу құбырларының, электрмен жабдықтаудың, радиофикацияның ішкі инженерлік желілерімен, қосалқы және қосалқы аула құрылыстарымен, абаттандырумен және басқа да жұмыстармен және шығындармен), құрылысқа, реконструкциялауға, кеңейтуге немесе техникалық қайта жарақтандыруға белгіленген тәртіппен жоба мен смета әзірленіп, бекітілді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами