«Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 1 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 17447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жоғары басшылық бос басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 8780 болып тіркелген) (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) сәйкес келуі, мінсіз атақ және қызметтік жұмысының нәтижелері болып табылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жоғары тұрған басшы лауазымына конкурстық іріктеу кандидаттарды прокуратура органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау, бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) зерделеу, полиграфологиялық зерттеуден өту, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне тестілеу (бұдан әрі - компьютерлік тестілеу), әңгімелесу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: