Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі атқарушы органдарының кейбір мәселелері туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 1-449 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 23 наурыздағы заңдарына, «Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 232/26-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 368/47-VI шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2) «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3) «Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
4) «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. «Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
5) «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
6) «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
7) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;