Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерiн бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 207 Қаулысы
(2016.27.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Атырау облысы әкімдігінің 2016.27.12. № 305 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.