«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 27 бұйрығы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде тіркелген № 8780, 2013 жылғы 7 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және «Егемен Қазақстан» 06.11.2013 ж. № 247 (28186) газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«Бірінші топқа Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі - Бас прокуратура), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - ҚСжАЕАК) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызметкерлерінің лауазымдары жатады»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бірінші топтағы лауазымдарыға прокуратура органдарында мына біліктілік талаптары белгіленеді:
1) бірінші кіші топ үшін (департамент бастығы, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (C-GP-1)):
білімі - нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;