«Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 6С-52/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 8С-3/4 шешімі
Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешімімен күші жойылды
Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 6С-52/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7825 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5, 7, 9 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында, «Ардагерлер туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.»;
«7. Мерекелік күндерге және атаулы күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына бір рет көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 1000 000 (бір миллион) теңге;