Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с «2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 13 шілдедегі № 18/165-6с шешiмi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 13/143-VI «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VI «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4132 тіркелген шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с «2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда «Шымкент келбеті» газетінде және 2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 116 135 987 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер -49 678 303 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 363 207 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 719 258 мың теңге;
трансферттер түсімі - 65 375 219 мың теңге;
2) шығындар - 122 044 378 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 716 896 мың теңге,оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 919 843 мың теңге;