«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 210 бұйрығы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 14035 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық мәдениет ұйымдарының бірінші басшылары болып табылатын қызметшілер мен олардың орынбасарлары мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган жанындағы аттестаттау комиссиясымен аттестаттаудан өткізіледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының мәдениет ұйымдарының бірінші басшылары болып табылатын қызметшілер мен олардың орынбасарлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы тиісті аттестаттау комиссияларымен аттестаттаудан өткізіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аттестация кезінде жүктілігі жөнінде медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдерден басқа барлық қызметшілер аттесттаттауға жатады.