Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ А-7/327 қаулысымен
бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/22 Қаулысымен күші жойылды
«Дәрігердің қабылдауына жазылу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 27 сәуірдегі № 272 қаулысымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: