«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 522 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 11-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Жоғары оқу орындарында білім алатын және әскери кафедраларда запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін іріктелген азаматтарды (бұдан әрі – студенттер) медициналық куәландыруды оқу басталар алдында жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) медициналық комиссиялары жүргізеді.
Әскери кафедралар студенттерге әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасын ресімдейді. Медициналық куәландыру басталғанға дейін студенттер ЖАО-ның медициналық комиссиясына осы Қағидалар 31-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық құжаттарды, осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген медициналық зерттеу нәтижесін және әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті ұсынады.
Медициналық куәландыру процесінде көрсеткіштер бойынша денсаулық жағдайын айқындау үшін қосымша зертханалық, аспаптық зерттеу әдістері жүргізіледі.