Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11/56-VІ «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 маусымдағы № 16/92-VI шешiмi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11/56-VІ «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3943 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтардағы «Түркістан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан қаласының 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 30 754 136 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 2 318 756 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 28 402 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 73 030 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 28 333 948 мың теңге;
2) шығындар - 31 081 163 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 19 878 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 27 228 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 350 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы - - 346 905 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 346 905 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 27 228 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7 350 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 327 027 мың теңге.».