Қостанай облысы әкімдігінің
2016 жылғы 21 маусымдағы
№ 284 қаулысына 12-қосымша
Осы редакция 2018 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, облыстық маңызына ие аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдары («Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижелерiн беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.еgоv.kz веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелген) бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау