Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 127 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12495 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Білім саласындағы (балабақша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;