«Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 445 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11559 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 тамызда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламентi;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет регламентi;
3-1) осы бұйрықтың 3-1-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттiк қызмет регламентi;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттiк қызмет регламентi;