Введите номер документа
Прайс-лист

Мемлекеттік қызметтің принциптері

Информация о документе
Датасреда, 28 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 28 мая 2025

28.05.2025

Мемлекеттік қызметтің принциптері

 

Мемлекеттік қызмет - бұл мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқаруды тиімді жүргізуге бағытталған маңызды сала. Мемлекеттік қызметтің сапасы - елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатының кепілі. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің жұмысы белгілі бір қағидаларға (принциптерге) сүйенеді.Заңдылық принципі

Мемлекеттік қызметші өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға міндетті. Бұл принцип мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінің алдын алып, азаматтардың құқықтарының бұзылмауына кепіл болады.

Азаматтарға қызмет көрсетуге бейілділік

Мемлекеттік қызметші - халықтың қызметшісі. Ол әрдайым азаматтардың мүддесін қорғауға, әділ шешім қабылдауға және өз қызметінде ашықтық пен қолжетімділікті ұстануға тиіс. Бұл халықтың билікке деген сенімін нығайтады.

Меритократия (қабілет пен еңбекті бағалау)

Мемлекеттік қызметке жоғары білікті, білімді және тәжірибелі мамандарды тарту - сапалы қызметтің негізі. Бұл принцип бойынша, қызметке орналасу және мансаптық өсу қабілет пен еңбектің нәтижесіне байланысты жүзеге асады. Таныстық пен туыстыққа жол берілмейді.

 Ашықтық және айқындық

Мемлекеттік органдардың жұмысы қоғам үшін түсінікті және ашық болуы керек. Бұл жемқорлықтың алдын алуға, азаматтармен кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Ақпаратқа қолжетімділік - сенімділіктің негізі.

Жауапкершілік пен есеп беру

Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің қабылдаған шешімі мен әрекеті үшін жауапты. Қоғам мен мемлекет алдындағы есеп беру міндеті - қызметшінің адалдығын арттырады және халыққа деген жауапкершілікті күшейтеді.

Саяси бейтараптық

Мемлекеттік қызметшілер саяси көзқарастарынан тыс, өз жұмысында тек кәсібилік пен бейтараптықты ұстануы қажет.

 

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Н.В. Ахметова

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами