«Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 34 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Лизингтік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Лизингтік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұскаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп» (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;