Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 214 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 2 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2386 болып тіркелген, 2014 жылы 15 сәуірде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және «Маңғыстау» газетінде 2014 жылы 15 сәуірдегі № 61(8570) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы келесідей мазмұндағы реттік номерлері 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45 жолдармен толықтырылсын:
| 32. | Маңғыстау ауданы «Орпа» кен орнынан бор өндіруді жүргізу | 1. 2. 3. 4. | 44°11´08,03´´ 44°10´02,13´´ 44°09´18,13´´ 44°10´30,39´´ | 51°39´51,97´´ 51°41´36,34´´ 51°40´52,18´´ 51°39´08,18´´ |
| 33. | Маңғыстау ауданы «Барыс» кен орнынан құрылыстық тас өндіруді жүргізу | 1. 2. 3. 4. | 44°09´12,0323´´ 44°09´13,2682´´ 44°09´00,1468´´ 44°09´04,5217´´ | 52°22´20,2132´´ 52°22´46,8955´´ 52°22´40,8275´´ 52°22´13,0137´´ |