Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ А-7/298 қаулысымен
бекітілді
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО), «электронды үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу туралы анықтама мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің
(қызметшілерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады - 15 минут. Нәтижесі - тізіліміне қол қою, құжаттарды басшылыққа жолдау;