Осы редакция 2019 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 272 бұйрығына
4-қосымша
«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.27.06. № 464 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.24.05. № ҚР ДСМ-86 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.27.06. № 464 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәтінен бастап - зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде - 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде - 20 (жиырма) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 (алпыс) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.