Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 110-1675 Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 110-995 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 823 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі № 84 (3141) «Астана ақшамы» және 2014 жылғы 31 шілдедегі № 83 (3159) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған):
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақта:
8) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ақпараттық және жарнамалық рәсімдеудің эскиздік жобасы мәтіндерінің тіл туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігіне келісім беру;»;
«11) орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің тіл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;»;
21-тармақта:
10) тармақша алынып тасталсын.