ҚР Ішкі істер министрінің 2024.29.05. № 446 бұйрығымен 60-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
60-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
2024 жыл
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Институты) ішкі істер органдары үшін кадрларды даярлау үшін мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі - республикалық мемлекеттік мекеме.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 457 қаулысымен құрылған.
4. Институт өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
5. Институтың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) Институтқа жалпы басшылық етуді, сондай-ақ Институттың мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
7. Институттың құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.
8. Институттың толық және қысқартылған атауы:
толық:
мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение «Актюбинский юридический институт Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Малкеджара Букенбаева»;
ағылшын тілінде - Republican State Institution «Aktobe law institute of Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after Malkedzhar Bukenbaev»;
қысқартылған: