«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 29 мамырдағы № 207 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 40-10) және 40-11) тармақшаларымен толықтырылсын:
«40-10) осы бұйрыққа 40-10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті Мақаншы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі туралы ереже;
40-11) осы бұйрыққа 40-11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті Жаңасемей ауданының төтенше жағдайлар бөлімі туралы ереже;»;
мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын;
«57-1) осы бұйрыққа 57-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Алатау қаласының төтенше жағдайлар бөлімі туралы ереже;»;
мынадай мазмұндағы 110-2) және 110-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
«110-2) осы бұйрыққа 110-2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Үлкен Нарын ауданының төтенше жағдайлар бөлімі туралы ереже;