«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 657 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 172 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
| р/с № | Нысаналы индикаторлар | Жауаптылар | Ақпарат көзі | Өлшем бірлігі | есепті кезеңде | есепті кезеңде | жоспарлы кезеңде |
| 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 1-стратегиялық бағыт. Экономика үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау |
| | Саланың дамуын сипаттайтын макроиндикаторлар: | | | | | | | | | | |
| 1 | QS-WUR, TOP-700 рейтингінде белгіленген Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының саны | Т.І. Ешенқұлов вице-министр | QS-WUR деректері | бірлік | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 1-мақсат. Өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын, 21 ғасырдың дағдылары бар ұрпақты даярлауға бағдарланған өзін-өзі реттейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру |
| | Бюджетпен өзара байланысты нысаналы индикаторлар: | | | | | | | | | | |
| 2 | Халықаралық білім беру бағдарламаларын, шетелдік әріптестермен академиялық алмасуларды іске асыратын ЖОО-ның үлесі | Т.І. Ешенқұлов вице-министр | ҒЖБМ есептік деректері | % | 20 | 35 | 40 | 45 | 50 | 55 | 60 |