Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының
Yкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегі комитетiн құру туралы
келісім
(Пекин қ., 2004 жылғы 17 мамыр)
(2016.02.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі (бұдан әрi - «Тараптар» деп аталатын),
екi ел арасындағы тату көршiлiк пен достық қатынастарды тереңдетуге ниет бiлдiре отырып,
2003 жылғы 6 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 2003-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын» iске асыру және Тараптардың жан-жақты ынтымақтастығын екi ел халықтарының игiлігі үшiн әртүрлi салаларда iлгерiлету мақсатында,
теңдiк пен өзара тиiмділік қағидаттарына сәйкес,
мына төмендегілер туралы келiсті:
1-бап
1. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында Ынтымақтастық жөнiндегі комитет (бұдан әрi «Комитет» деп аталатын) құрады.
2. Комитет жұмысының негiзгi нысаны әдетте жылына бiр рет, бiрақ тұрақты негізде емес Комитеттің тең төрағаларының басшылығымен Қазақстанда және Қытайда кезекпен өткiзiлетiн Комитеттің мәжілісi болып табылады. Практикалық қажеттiлiкке сәйкес арнайы мәжіліс өткiзiледi.
3. Комитет жұмысының тәртібі мен жоспары оның мәжілістерiнде айқындалады. Комитеттің шешiмi ымыралық негізде қабылданады және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн хаттамалармен ресiмделедi.
2-бап
Комитетті құрудың негiзгі мақсаты сауда-экономикалық, көлік, ғылыми-техникалық, қаржы, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, ұлттық, қоғамдық, экономикалық қауiпсiздiк салалары мен стратегиялық маңызы бар iрi ынтымақтастық жобаларын жоспарлау мен ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеудi қоса алғанда, басқа да салалардағы Тараптардың ынтымақтастығын үйлестiру болып табылады.
3-бап