Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 тамыздағы
№ 200 қаулысымен бекітілген
«Туберкулезге қарсы ұйымынан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес, медициналық ұйымдар (аймақтық туберкулезге қарсы ұйымдар, ауруханалар, туберкулезге қарсы кабинеттер) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі - туберкулезге қарсы ұйымнан Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес фтизиатр-дәрігердің қолы қойылған, жеке мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркелген қағаз түріндегі анықтама (бұдан әрі - анықтама) беру немесе дәлелді бас тарту.