Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) тармақша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) тармақша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Тіркеушінің қағидалар жиынтығын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) тармақша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы қаулының 7-қосышасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) тармақша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді