Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі «Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 134/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2026 жылғы 26 наурыздағы № 258/29 шешімі
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі «Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 134/14 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:
3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) шағын архитектуралық нысандар - сәндік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, субұрқақтар, гүлдерге арналған вазалар, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);»;
4-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: