ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.11.05. № 272 бұйрығымен 13-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 272 бұйрығына
13-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
(2019.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.24.05. № ҚР ДСМ-86 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құжаттарды қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 жұмыс күн ішінде (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 68-бабына сәйкес);
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 1 жұмыс күн ішінде (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 68-бабына сәйкес).
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде.