«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 314 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсына орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі | Ч. Аринов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 9 тамыздағы
№ 314 бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне.