Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 наурыздағы № 73 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29029 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы:
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 119-2, 137-3, 267-3, 428-1 жолдарымен толықтырылсын:
«
| 119-2 | Қаратомар су қоймасының учаскесі | 50-500 | 36-дан 76-ға дейін орман қорын қоспағанда |
»;
«
| 137-3 | Сверлов ауылында сумен жабдықтау құрылысы аумағының шегінде, Қамысты-Аят өзенінің учаскесі | 500 | 75 |
»;
«
| 267-3 | Атауы жоқ су айдыны | 300 | 35 |
»;
«
| 428-1 | Үлкен Қашалтыр және Кіші Қашалтыр | 300 | 35 |
»;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: