Введите номер документа
Прайс-лист

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мәртебесі

Информация о документе
Датапонедельник, 6 ноября 2023
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 6 ноября 2023

06.11.2023

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мәртебесі

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, яғни мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі Қазақ тілі болып табылады.

«Тіл туралы» Заң мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға азаматтардың өтініштеріне және басқа да құжаттарға мемлекеттік тілде немесе өтініш тілінде жауап беруге нұсқау береді. Бұл талап соттарда қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі немесе басқа тілдер қолданылады. Сот ісін жүргізу тілін білмейтін немесе жеткіліксіз дәрежеде меңгерген адамдарға тегін аударма қамтамасыз етілуге тиіс, ал олардың өздері сотта сөз сөйлеуге, шағымдар мен өтініштерді ана тілінде беруге құқылы. Қажет болған жағдайда оларға іс материалдары ана тіліне аударылып тапсырылуы тиіс. Іс бойынша іс жүргізудің барлық кезеңдерінде іске қатысатын барлық адамдар - күдікті, айыпталушы, сотталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, сарапшы, куә осындай құқыққа ие. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында. Азаматтардың құқықтарын тілдік белгілері бойынша бұзуға жол берілмейді, себебі ол тиісті жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Азаматтардың өтініштерін, қай тілде берілгеніне қарамастан, мемлекеттік ұйымдардың лауазымды адамдары қабылдауға тиіс. Мемлекеттік тілді білмеу себебінен лауазымды адамның азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттік және басқа да тілдердің олардың қолданылу саласында қолданылуына кез келген кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Мәселен, лауазымды тұлғаның құжаттарды, сұрау салуды, өтінішті немесе шағымды қабылдаудан бас тартқаны, сондай-ақ оларды тілді білмеу себебінен мәні бойынша қарамағаны үшін; жеке тұлғалардың тіл таңдаудағы құқықтарын шектегені, тілдік белгілері бойынша кемсіткені үшін айыппұлдар түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Тілге негізделген адамның құқықтары мен бостандықтарын тікелей немесе жанама шектеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер бұл әрекеттер қызметтік жағдайды немесе қоғамдық бірлестіктің көшбасшысын пайдалану арқылы жасалса, бұл жағдайда неғұрлым ауыр жаза қарастырылған.

 

Қарағанды облысының МАЭС бас маманы Какенова Н.Е.

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом