Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 522 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6565 тіркелген 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
1) тармақшада:
кірістер -
«223 536 274,3» сандары «220 862 474,3» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
салықтық түсімдер -
«41 050 955» сандары «39 950 955» сандарымен ауыстырылсын;
салықтық емес түсімдер -
«4 092 139» сандары «2 518 339» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
шығындар -
«230 052 380,4» сандары «227 118 258,4» сандарымен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
таза бюджеттік кредиттеу -
«2 707 904,8» сандары «38 090 352,8» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер -
«12 820 897» сандары «48 203 345» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
бюджет тапшылығы (профициті) -
«-9 224 010,9» сандары «-44 346 136,9» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -
«9 224 010,9» сандары «44 346 136,9» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
қарыздар түсімі -
«12 820 897» сандары «47 943 023» сандарымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-2 тармағымен толықтырылсын:
«9-2. Облыстық бюджетте Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін қарыздар түсімі көзделсін.
Аталған қарыздар түсімі сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.»;
10-тармақта:
келесі мазмұндағы 8-2) тармақшасымен толықтырылсын: